«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізімін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 24 желтоқсанындағы № 294 Қаулысы

«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізімін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 24 желтоқсанындағы № 294 Қаулысы

 

Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізімін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3254 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақтөбе облысының әкімі

А. Шахаров

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Су ресурстарын пайдалануды реттеу

және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий

бассейндік су инспекциясы

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Су ресурстарын пайдалануды реттеу

және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай

бассейндік су инспекциясы

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің

2025 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 294 қаулысына

қосымша

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің

2008 жылғы 12 мамырдағы

№ 167 қаулысына

қосымша

 

 

Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесi

 

Өзендер:

Атауы

Ұзындығы, километр

Балық шаруашылығын жүргізу түрі

1

2

3

4

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.